Алла Тағаланың 99 есімі 1. Алла (Аллаһ) – Әлемдердің Жаратушысы, Иесі. 2. Ар-Рахмаан – Аса рақымды, Аса мейірімді. 3. Ар-Рахиим – Мейірбан, Ерекше мейірімді. 4. Әл-Мәлик – Патша, билік Иесі. 5. Әл-Қуддуус – Аса қасиетті, Киелі. 6. Әс-Сәләәм – Бейбітшіл. 7. Әл-Мумин – Аса сенімді. 8. Әл-Муһәймин – Толық басқарушы. 9. Әл-Азииз – Үстем, Аса даңқты, құдіретті. 10. Әл-Жаббаар – Бойсұндырушы, Аса құдіретті. 11. Әл-Мутәкәббир – Тәкаппар, Аса жоғары. 12. Әл-Хаалиқ – Жаратушы. 13. Әл-Баари – Жоқтан бар етуші. 14. Әл-Мусаууир – Бейнелеуші. 15. Әл-Ғаффар – Кешірімшіл, Аса кешірімді. 16. Әл-Қаһһар – Өктем, шексіз қаһар Иесі. 17. Әл-Уаһһаб – Сый беруші. 18. Ар-Раззақ – Ризықтандырушы. 19. Әл-Фаттах – Жеңуші, Ашушы. 20. Әл-Алиим – Бәрін Білуші. 21. Әл-Қаабид – Тарылтушы. 22. Әл-Баасит – Кеңейтуші. 23. Әл-Хаафид – Төмендетуші, Түсіруші. 24. Ар-Раафиъ – Жоғарылатушы, Биіктетуші. 25. Әл-Муъиззу – Даңқты асырушы, жеңіс беруші. 26. Әл-Музиллу – Дәрежені төмендетуші. 27. Әс-Сәмииъу – Бәрін Естуші. 28. Әл-Басиир – Бәрін Көруші. 29. Әл-Хакам – Қазы, Төреші. 30. Әл-Адл – Әділетті. 31. Әл-Латииф – Жұмсақ, Мейірімді. 32. Әл-Хабиир – Бәрінен Хабардар. 33. Әл-Халиим – Ұстамды, мейірімді. 34. Әл-Азиим – Ұлық, Ардақты. 35. Әл-Ғафуур – Кешіруші, Кешірімді. 36. Әш-Шәкуур – Алғыс Иесі, жақсылыққа қарымта қайтарушы. 37. Әл-Алий – Асқақ, Бәрінен Биік. 38. Әл-Кәбиир – Үлкен, Аса зор. 39. Әл-Хафииз – Сақтаушы, қорғаушы. 40. Әл-Муқиит – Қорек беруші. 41. Әл-Хасииб – Есептеуші. 42. Әл-Жәлиил – Аса ұлық, аса мәртебелі. 43. Әл-Кәриим – Аса жомарт. 44. Ар-Рақииб – Бақылаушы. 45. Әл-Мужииб – Жауап беруші, тілекті қабыл алушы. 46. Әл-Уаасиғ – Кеңпейілді, Бәрін қамтушы. 47. Әл-Хакиим – Дана, хикмет Иесі. 48. Әл-Уадууд – Сүюші. 49. Әл-Мәжиид – Даңқты, Ұлы. 50. Әл-Баағис – Қайта Тірілтуші. 51. Әш-Шәһиид – Куәгер. 52. Әл-Хаққ – Ақиқат, Хақ. 53. Әл-Уакиил – Қамқор, Уәкілдік етуші. 54. Әл-Қауий – Қуатты, Күшті. 55. Әл-Мәтиин – Өте Берік, Мықты. 56. Әл-Уалий – Дос, Жанашыр. 57. Әл-Хамиид – Мақтаулы. 58. Әл-Мухсии – Бәрін есептеуші. 59. Әл-Мубдии – Бастаушы. 60. Әл-Муғиид – Қайтарушы. 61. Әл-Мухии – Тірілтуші. 62. Әл-Мумиит – Өлтіруші. 63. Әл-Хайй – Мәңгі Тірі. 64. Әл-Қаййум – Өздігінен Тұрушы. 65. Әл-Уаажид – Табушы, Бай. 66. Әл-Мәәжид – Игілікті, Даңқты. 67. Әл-Уаахид – Жалғыз. 68. Ас-Самад – Мұңсыз, Мұқтажсыз. 69. Әл-Қаадир – Құдіретті. 70. Әл-Муқтадир – Бәріне құдіретті. 71. Әл-Муқаддим – Алға шығарушы. 72. Әл-Муаххир – Артқа қоюшы. 73. Әл-Әууәл – Ең бірінші. 74. Әл-Аахир – Ең соңғы. 75. Аз-Зааһир – Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы. 76. Әл-Баатин – Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы. 77. Әл-Уаали – Әмірші. 78. Әл-Мутәәли – Бәрінен Биік. 79. Әл-Барр – Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі. 80. Әт-Тәууәәб –Тәубені тез қабыл алушы. 81. Әл-Мунтәқим – Кек қайтарушы. 82. Әл-Афуу – Ғафу Иесі, Кешірімді. 83. Ар-Раууф – Мейірбан. 84. Мәәликул-мулк – Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі. 85. Зул-жәләли уал-икрам – Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі. 86. Әл-Муқсит – Өте әділетті. 87. Әл-Жаамиғ – Жинаушы. 88. Әл-Ғаний – Бай, ештеңеге мұқтаж емес. 89. Әл-Муғний – Байытушы. 90. Әл-Мааниғ – Тыйым салушы, Тоқтатушы. 91. Ад-Даарр – Зияндық беруші. 92. Ән-Наафиғ – Пайда беруші. 93. Ән-Нуур – Нұр Иесі, нұрландырушы. 94. Әл-Һәәди – Туралыққа бастаушы. 95. Әл-Бәдииғ – Көркем Жаратушы. 96. Әл-Баақи – Мәңгі қалушы. 97. Әл-Уаарис – Мирасқор. 98. Ар-Рашиид – Туралыққа Нұсқаушы. 99. Ас-Сабуур – Аса сабырлы.

Теги других блогов: Тағала Алла 99 есім